БҰҰ: 2025 жылы млн-ға жуық сириялық босқын отанына оралады

2025 жылдың бірінші жартысында миллионға жуық сириялық босқын отанына оралады. Бұл туралы Reuters агенттігі БҰҰ-ның Босқындар агенттігі өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұл Сириядағы биліктің ауысуы себепті жағдай. Осыған дейін Шам еліндегі уақытша үкімет басшысы миллиондаған сириялық босқынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріп, оларды елге оралуға шақырған еді. Осыған байланысты кәрі құрлықтың бірқатар мемлекеті сириялықтардың пана сұрауға қатысты өтініштерін қарауды тоқтатты. Еуропа елдері қаржылай сыйақы беру арқылы азаматтарды отанына қайтару үдерісін жеделдетті. Мәселен, Австрияда әр босқынға мың еуродан беріледі. Дания бір адамға 27 мың еуро төлеуге уәде етіп отыр. Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бес миллионнан астам адам өзге елге көшкен. Дені Түркия, Ливан және Иорданияны паналаған.