Газа секторының солтүстігіне көмек жүгі жеткізілді
ДДСҰ Газа секторының солтүстігіндегі Камаль Адван ауруханасына бір топ маман жолдап, гуманитарлық көмек жүгін жеткізді.
Олардың ішінде хирургиялық жедел қызмет көрсететін дәрігерлер бар. Мамандар ем-домға қажетті медициналық құрал-жабдық, дәрі-дәрмектен бөлек, 5 мың литр жанармай, біраз уақытқа жеткілікті азық-түлік әкелген. Сондай-ақ арнайы ем қажет ететін бірнеше науқасты басқа емдеу мекемесіне жіберді. Кейінгі бірнеше апта бойы Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының өкілдері кедергілерге байланысты бұл аймаққа мүлдем өте алмаған.