Аргентина экономикасы 2023 жылдың соңынан бері алғаш рет өсім көрсетті
Аргентина экономикасы рецессиядан шығып, 2024 жылдың үшінші тоқсанында жалпы ішкі өнім шамамен 4%-ға өсті.
Елдің статистика агенттігі хабарлағандай, бұл өсім тұтынушылық шығындардың, бизнес инвестицияларының және ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндірісі салаларына экспорттың ұлғаюымен байланысты. Экономиканың қалпына келе бастауы ел президенті Хавьер Милей билікке келгеннен кейін байқалып отыр. Былтыр ол мемлекеттік шығындарды күрт қысқартып, ұлттық валютаны екі есе девальвациялады. Бұл шаралар жылдық көрсеткіші 200 пайыздан асатын гиперинфляцияны төмендетуге көмектесті. Дегенмен Аргентинадағы кедейлік деңгейі әлі де жоғары – 50 пайыздай болады.