Facebook Палестина аймағындағы бірнеше редакцияның жұмысын шектеді

Фейсбук желісі қақтығыс жалғасып жатқан Палестина аймағындағы бірнеше ақпараттық редакцияның жұмысын шектеп тастады.

Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады. Олардың мәліметіне қарағанда, өткен жылдың қазан айынан бері Газа секторы мен Батыс жағалаудағы редакциялардың аудитория белсенділігі күрт төмендеген. Сол себепті Израиль мен Газа аймағына бірнеше журналистке ғана шекарадан өтуге рұқсат берілген. Қазір Батыс жағалаудан Palestine TV, Wafa news agency және Palestine Al-Watan News сияқты 2-3 агенттік ғана ақпарат таратады. Айта кетейін, өткен жылдан бері қақтығыс аймағында 196 журналист қаза тапты.