Мозамбикте дүлей дауылдан қаза тапқандар саны 34-ке жетті
Мозамбикте «Шидо» дауылынан қаза тапқандар саны 34-ке жетті.
Тағы 300-ге жуық азамат жарақат алды. Жергілікті билік өкілдері келтірген мәлімет бойынша, дүлей дауылдан 35 мыңдай ғимарат қирап қалған. Дені тұрғын үйлер. Соның салдарынан қазір 175 мыңдай азамат қазір қайда барып, бас сауғаларын білмей дал. Айта кетейік, «Шидо» ойран салған аймақта бірер күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шығын көлемі де есептелуде. Ел үкіметі апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде 4 миллион доллар бөлді.