Қытай 75 жыл бойы бірыңғай уақыт белдеуін пайдаланады

Қытайда 5 түрлі уақыт белдеуі бар.

Бірақ елдің барлық аумағында, бірыңғай ел астанасы Бейжің уақыты қолданылады. Мұндай шешім көрші елде 75 жыл бұрын қабылданған. Содан бері шығыс пен батыста тұратын қытайлықтар, бір уақытпен жүріп тұрады. Алайда жергілікті жердегі тұрғындар, уақытты өздеріне ыңғайлап алған. Ол қалай?

Қытайдың территориясы әлемдегі аумағы ең ұзын елдердің бірі. Оның батыстан шығысқа дейінгі қашықтығы 5700 шақырымнан асады. Ғалымдар уақыт белдеуіне бөлгенде 1912-ші жылдан бастап жалпы әлемдік стандарттарға сәйкес есептеген. Бертін келе жергілікті астрономдар елді 5 уақыт белдеуіне бөлді. Осы жүйемен Қытай халқы 1949 жылға дейін өмір сүрді. Алайда Үкімет басына келген Мао Цзэдун елдегі уақыт белдеулерін жойып, барлық жерде Бейжің уақытын бекітті. 

Нұрлан Аққошқаров, аға дипломат:

- Бұл негізі шығыс өңірі мен батыс өңіріндегі айырмашылықтар сезіледі. біз мұны дипломаттар ретінде сеземіз. Ескереміз. Үрімшіге барған әр уақытта таңғы сағат сегіз Бейжіңдегі біздің жұмыс уақыты сағат он деп түсінеміз. Әрине бұл әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларда табиғи түрде ескерілетін жағдайлар. Бірақ экономикалық уақыт ретінде Пекин уақытына бағынады.

Бұл кейбір аймақтарда қолайсыздық туғызды. Ыңғайсыздығы сол, бірыңғай уақыт ел аумағының 80 пайызында күндізгі уақытпен сәйкес келмейді. Мәселен, Бейжіңде түс сағат 12:30-да ауатын болса, елдің батыс бөлігінде түс уақыты күндізгі 11:00 болып есептеледі. Ал шығыс жағындағы провиницияларда күндізгі сағат 15:00 де. Енді Қытай билігі неліктен мұндай реформаны қабылдады? деген заңды сұрақ туындайды. Мамандардың айтуынша бұл экономикалық жағынан өте тиімді. Сонымен қатар әкімшілік аппарат үшін де қолайлы. Бейжің уақыты өзге аймақтарда кез келген мезгілде байланысуға мүмкіндік береді. Бүкіл ел бойынша мемлекеттік қызметкерлер бір уақытта жұмыс істейді. Елдің бір бөлігінде жұмыс уақыты тас қараңғыда аяқталса, енді бір бөлігі күн жарықта үйлеріне жинала береді. Әуежайлар, вокзалдар мен мемлекеттік мекемелер орталықтың уақытымен жүреді. Бұған қарапайым тұрғындар үйренісіп кеткен. 

Чин Ли, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Бізге уақыт айырмашылығы кедергі келтірмейді. Тіпті сезілмейді де. Елдің шығысындағылар да, батысындағылар да әбден бейімделіп кеткен. Мәселен, менің балалық шағым Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданында өтті. Ол жақта орталықпен бекітілген уақыт болса да, халық өздеріне ыңғайлы мезгілмен жүріп тұрады. Бірақ мемлекеттік қызметкерлер үшін айырмашылық сезілуі мүмкін.

Тағы бір дерек, Қытай халқы елдің шығысында тығыз орналасқан. Нақтырақ айтсақ 90 пайызы шоғырланған. Яғни мұндай жүйенің айырмашылығы жұрттың басым бөлігінде байқалмайды да. Ал басқа өңірлер осы белдеуге бейімделіп кеткен. Алайда елдің батысындағылар әлі де жергілікті уақытпен жүреді. Оларға Үрімші шаһарының уақыты ыңғайлы. Көбінесе үкіметтік емес мекемелер пайдаланады. Бірақ бейресми.

Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын