Сочи қаласында су тасқыны жүрді

Сочи қаласында су тасқыны жүрді

Ресейдің Сочи қаласында толассыз жаңбырдан тасқын жүрді.

Хер-Ота өзені арнасынан тасып, ондаған үйді су басты. Тасқын жолдағы көліктерді шайып кеткен. Қазір қаланың кей аудандарында жарық жоқ. Әзірге табиғи апаттан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Келтірілген шығын көлемі туралы да ақпар жоқ. Жергілікті билік өкілдері халықты мейлінше сақ болуға шақырып жатыр. Себебі таулы аймақта қалың қар жауа бастаған. Осыған байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды.