Еуроодақ 11 жылда Сирияға 33 млрд еуро бөлген
Еуроодақ Сирияға азаматтық соғыс басталған 11 жылда 33 миллиард еуроға көмек көрсеткен.
Бұл ақша халықаралық донорлардан жиналған. Келер жылы тағы бір донорлық конференция өткізу жоспарда бар. Жиналған қаржы Башар Асад билігі құлағаннан кейін Сирияның дамуы мен қалпына келуіне жаратылады. Бұдан бөлек Еуроодақ жыл соңына дейін Араб Республикасына тағы 160 миллион еуро бөлуге ниетті. Бұл ақшаға 100 тонна гуманитарлық көмек жеткізілуге тиіс.