Анапада 1250 құс құтқарылды

Анапада ветеринарлар мен еріктілер мазуттың төгілуінен зардап шеккен 1250 құсты құтқарды.

Мыңға жуық құс аймақтағы оңалту орталықтары мен хайуанаттар бағына жөнелтілді. Бұл туралы қала мэрі Василий Швец хабарлады. Қазір мазут төгілген аймақта 5 мың адам мен 300 техника жұмылдырылған. Өңірде құстарға көмек көрсететін арнайы пунктілер жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай аймағында мұнай өнімінің төгілуінен 210 құс қырылып қалған. Қара теңіздегі танкерлер апатынан кейін мазут төгілген болатын.