Azerbaijan airlines ұшақ апатынан зардап шеккендердің отбасыларына қаржылай көмек бөледі
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы да Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде опат болған сондай-ақ ауыр жарақат алғандардың отбасыларына қаржылай көмек бөледі.
Ресми ақпарға сәйкес апаттан аман қалғандарға 20 мың манат, бұл біздің ақшаға шаққанда 6 млн теңгедей беріледі. Сондай-ақ қаза болған отбасыларына 12 млн 115 мың теңге бөлінеді. AZAL баспасөз қызметінің дерегі бойынша барлық жолаушы Әзербайжан заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес тиісті қосымша сақтандыру төлемін алады.