Зілзаладан кейін Тибетке 14 мың құтқарушы жіберілді

Зілзаладан кейін Тибетке 14 мыңнан астам құтқарушы жіберілді. Олар тірі қалғандарды іздеп, тауып, зардап шеккендерге қажетті заттарды жеткізіп жатыр.

Бұл туралы «Би-Би-Си» телеарнасы хабарлады. Осы сәтке дейін үйінді астынан 400 адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылған. Дегенмен іздеу-құтқару операциясына күшті жел мен шектен тыс суық кедергі келтіріп отыр. Аймақта 4 мыңдай үй қираған. Тибет автономды ауданының Тингри уезінде 7 қаңтарда 7,1 балдық жер сілкінді. Кейінгі ақпарат бойынша 126 адам опат болып, 200-ге жуық тұрғын жараланған. Қытай билігі зардап шеккендерге 13 жарым миллион доллар көмек бөлді. Жер асты дүмпулерін көршілес Бутан, Непал және Үндістан тұрғындары да сезген.