Сеул тұрғындары тағы шеруге шықты
Сеул тұрғындары тағы шеруге шықты. Бұл жолы жұрт Кванхвамун ескерткіші маңына жиналды. Қолдарына плакат пен ту ұстап шыққан олар ел президенті Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуін талап етті.
Шерушілердің айтуынша, мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізуге қатысты қылмыстық іс бойынша жауап беруден жалтарып жүр. Бұған дейін жергілікті сот президентті қамауға алуға ордер берген болатын. Алайда Юн Сок Ёль күзетшілерінің кедергі келтіруіне байланысты тергеушілер оны ұстай алмады.
14 қаңтарда Оңтүстік Кореяның конституциялық сотта президентке импичмент жариялау ісі бойынша тыңдау өтеді.