Нидерландта экобелсенділер шеруге шықты

Нидерландтың Гаага қаласында экобелсенділер наразылық акциясын ұйымдастырды.

Шерушілер жолды бөгеп, биліктен климаттың өзгеруімен күреске қатысты нақты шара қабылдауды талап етті. Олардың айтуынша, мемлекет шұғыл түрде қазба отыннан бас тартып, баламалы қуат көздеріне көшуі керек. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша былтыр Нидерланд билігі көміртекті қуат көздерін қаржыландыруға 46 миллиард еуро мөлшерінде субсидия бөлген. Айта өтейік, шеру кезінде тәртіп сақшылары 700-ге жуық адамды ұстады. Бірақ кейін бәрін босатып жіберген.