Д. Трамп Әскери-әуе күштері министрін ұсынды
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп елдің Әскери-әуе күштері министрі қызметіне Әскери-ғарыш барлау жөніндегі ұлттық басқарма директорының орынбасары Трой Майнкті ұсынды. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған.
Оның айтуынша, Майнк – АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жақсы білетін нағыз патриот. Бұған дейін ол қару-жарақты жаңарту жобаларына жетекшілік еткен. Сенат Майнктің кандидатурасын қолдаған жағдайда ол жаңа әкімшіліктің қорғаныс стратегиясын іске асыруға жауапты болмақ.