Газада Израиль шабуылдарынан бір күнде 87 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылдарынан бір күнде 87 адам қаза тапты. Құрбандардың жартысынан астамы – әйелдер мен балалар. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Әуе соққылары Хан-Юнис қаласындағы үйлерге, сондай-ақ анклавтың орталығындағы босқындар лагеріне жасалған. Израиль: «ХАМАС ұрыс қимылдарын үйлестіретін басқару орталықтарын бомбаладық», – дейді.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша кейінгі 15 айда ажал құшқандар қатары 47 мыңға жуықтады. Олардың 18 мыңы балалар. 2 миллион палестиналық босып кеткен. 80%-і уақытша орындарда тұрады.