Еуроодақ Газаға €120 млн көмек береді

Еуропалық одақ Газа секторына 120 миллион еуро көлемінде қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ ресми Брюссель ХАМАС-пен Израиль арасындағы бейбіт бітім мен тұтқындарды босату келісімін, «Екі мемлекет» туралы шешімге негізделген әділ және тұрақты бейбітшілікті толық қолдайтынын мәлімдеді. Бұл мәселелер Еуроодақ астанасында Палестина Премьер-министрі мен Сыртқы министрі және Еуропарламент президентінің кездесуінде кеңінен талқыланды.

Ева Хрнцирова, Еурокомиссия баспасөз хатшысы:

- Бүгін біз Газаға 120 миллион еуро көмек беру туралы шешім қабылдадық. Аймақтағы жағдайдың өте нашар екенін жақсы білеміз. Палестиналықтарға шұғыл түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана және басқа да нәрселер өте қажет.