АҚШ-та TikTok жұмысын тоқтатады
TikTok әлеуметтік желісі осы жексенбіде АҚШ-тағы қызметін тоқтатады, деп хабарлайды 24kz.
BBC агенттігі осылай деп хабарлады. Мәлімдемеде: «Ақ үй мәселеге дереу араласпаса, қосымша 19 қаңтарда жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады», - делінген. Сондай-ақ тақауда платформаны сатып алушы табылмаса, оның барлық қызметтен өшірілетіні айтылған. Компания Жоғарғы соттың шығарған шешімінен кейін АҚШ-та қолданбауға тыйым салатын заңды растады. Бұған дейін Ақ үй заңның орындалуын қамтамасыз ету жаңа президенттің мойнында екенін мәлімдеген еді. Трамптың бұл іске қатысты шешімі ол таққа отырғаннан кейін белгілі болады.