АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі жұмысын тоқтатты
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды.
Жергілікті биліктің тыйым салуына байланысты, платформа ашылмайды. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл қосымша АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Себебі ол америкалық пайдаланушылардың деректерін Қытайдың арнайы қызметтеріне беруі мүмкін. TikTok-тың болашағы туралы соңғы шешімді АҚШ-тың жаңа әкімшілігі қабылдайды. Сайланған президент Дональд Трамп әлеуметтік желінің жұмысын сақтап қалғысы келеді. Жалпы АҚШ-та ТикТоктың 170 миллионнан астам қолданушысы бар.