Германия тұрғыны су астында 4 ай болып, әлем рекордын орындады

Неміс инженері су астындағы капсулада 4 ай болып, әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды 24kz.

Ол Панама жағасына жақын маңда 11 метр тереңдікте болған. Кабинада төсек, дәретхана, теледидар, компьютер, веложаттығу жасағыш сияқты барлық қажетті нәрселер орнатылған. Капсула интернет пен жарыққа қосылған. Энергия жоғарыдағы күн батереяларынан алынды. Бұған дейінгі рекорд америкалық профессор Джозеф ДитУриге тиесілі болатын. Ол су астында 100 күнін өткізген.