Қ. Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуі тиіс

Президент Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектің шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс екенін тағы еске салды.

Атаулы көмектің нақты иесіне жетуі өзекті. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ел шын мәнінде әлеуметтік мемлекет, - деді. Бірақ бұл азаматтарымыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың еңбекке деген ынтасын азайтып, масылдыққа үйретпеуі тиіс. Сондай-ақ президент көрші елдерден жүз мыңдаған еңбек мигранты жұмыс іздеп келіп жатқанын және бұл әрекетті құптайтынын жеткізді. Себебі олар отбасын асырау үшін жұмыс істегісі келеді. Үкімет әлеуметтік көмек мәселесіне келгенде тым сақтық танытуда. Нақты ұсыныстар мен шешу жолдарын қарастыру қажет, деді мемлекет басшысы.