Мысыр Газа секторына 310 жүк көлігін жіберді
Мысыр билігі Газа секторына 310 гуманитарлық жүк көлігін жөнелтті. Египеттің халықаралық ақпарат қызметі осылай деп хабарлады.
Олардың айтуынша, бұл қадам Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің 1-ші кезеңі аясында жүзеге асырылды. Қайырымдылық көмек Рафах кедендік бақылау-өткізу бекеті арқылы жеткізілген. Бұдан бөлек аймаққа апаратын Әл-Ауджа және Керем-Шалом өткізу бекеті ашық тұр. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес 19 қаңтардан бері Газа секторына 4200 жүк көлігі өткен.