Мерекеге орай Бейжің тұрғындары жан-жаққа кетіп жатыр
Бейжің тұрғындары Қытай Жаңа жылына орай өзге өңірде тұратын жақындарына кетіп жатыр.
Осыған байланысты темір жол вокзалы мен әуежайларда кісі қарасы қалың. Мерекеге орай ресми демалыс бүгін басталып, бір аптаға жалғасады. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бүкіл ел бойынша темір жолмен 510 миллион адам, ұшақпен 90 миллион адам саяхаттайды. Ал көбі мерекеге орай өзге өңірлердегі туған-туыстарына жеке көлікпен барады. Мұндай сапар саны 7 миллиардтан асып кетеді деген болжам бар.
Бейжің тұрғыны:
"Мен жаңа жылға орай ата-анамның үйіне бара жатырмын. Демалыс аяқталғаннан кейін Бейжіңге ораламын. Қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеймін. Қалаға қайтып келе салысымен, бірден қызметіме кірісемін."