Конго билігі БҰҰ-дан көмек сұрап отыр

Конго демократиялық республикасының билігі БҰҰ-дан көмек сұрап, елдегі жағдайға араласуға шақырды, деп хабарлайды 24kz.

Мұнда бірнеше күн бұрын «Эм 23» атты көтерілісшлер тобы 2 млн тұрғыны бар Гома қаласын басып алған еді. Елдің шығысындағы бұл шаһар смартфондар мен электрмобильдердің өндірісіне қажетті кобальтқа бай өңір саналады. Осының салдарынан аймақты өз бақылауына алғысы келетін қарулы топтар өте көп. Олардың саны 100-ге жуықтайды. Жергілікті билік «Эм 23» тобына көрші Руанда тарапы көмектесіп жатқанын айтады. БҰҰ-ның дерегі бойынша мұнда 4 мыңға дейін руандалық сарбаз жүр. Гоманы басып алғаннан кейін қаладан 400 мыңдай адам қашып шыққан. Мұнда қазір су мен жарыққа байланысты қиындықтар бар. Халықаралық ұйымдар қалада атыс-шабыстың жалғасып жатқанын хабарлайды.