Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысты. LIVE

АҚШ-та жолаушылар ұшағы дәл Вашингтон қаласының жанында тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады, деп хабарлайды 24kz.

Әуе кемесі Канзас штатының Вичита қаласынан ұшып шыққан. American Airlines компаниясына тиесілі бұл ұшақта 60 жолаушы 4 экипаж мұшесі болған.

Қазір құтқарушылар оқиға орнына жетіп, тірі қалғандарды іздестіріп жатыр.