Израиль шабуылынан 10 палестиналық қаза тапты

Израиль Иордан өзенінің батысын бомбалап, 10 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы бірнеше адам жараланған. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Тубас провинциясында тұрғын үйлер талқандалған. Израиль әскерилері: «Біздің көздегеніміз – лаңкестер болды», - дейді. Бірақ олар қандай террористік топтар екенін нақтыламаған.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтардан бері Израиль әскері Иордан өзенінің сол жақ жағасында «Темір қабырға» атты операция өткізіп жатыр. Негізі Дженин, Тулькарм және Аната қалалары нысанаға алынған.