Израиль тағы 110 палестиналық тұтқынды босатады
Израиль бүгін тағы 110 палестиналық тұтқынды босатады, деп хабарлайды 24kz.
Олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған 30 бала мен өмірбақи түрмеде отыру жазасына кесілген 32 адам бар. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Мұның қарымтасы ретінде ХАМАС 8 израильдік тұтқынды бостандыққа жібереді. Олардың арасында 5 Таиланд азаматы бар.
Естеріңізге сала кетейік, Газа секторындағы оқ атпау режимі туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енген. Бірінші кезең 42 күнге созылады. Бұл уақытта ХАМАС 30 израильдікті, ал Израиль 2 мыңға жуық палестиналықты жіберуі керек. Бұдан бөлек, Израиль Газа секторының халық тығыз қоныстанған аумағынан әскерін әкетуге тиіс.