Бразилия АҚШ-пен сауда соғысына дайын

Бразилия АҚШ-пен сауда соғысына дайын. Бұл туралы Оңтүстік Америкалық елдің президенті Лула да Силва мәлімдеді.

Ол Ақ үй басшысы Дональд Трамптың енгізетін көтерме тарифтеріне қарымта қайтаратынын жеткізді. Сондай-ақ Лула да Силва америкалық әріптесін өзара тіл табысуға шақырды. Өйткені қазір Бразилияның АҚШ-қа экспорт көлемі 40 млрд доллардан асады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Трамп БРИКС елдеріне, оның ішінде Бразилияға қатысты алым-салықты 100% көтеретінін айтқан еді. Бұған БРИКС-тің долларға балама валюта құру идеясы себеп болған.