БҰҰ агенттігі Шығыс Иерусалимде жұмысын жалғастырады
Шығыс Иерусалимдегі Біріккен ұлттар ұйымының палестиналық босқындарға көмектесу жөніндегі агенттігі өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды 24kz.
Осыған дейін оның жұмысына Израиль тыйым салған болатын. Десе де, ұйым өкілдері бар жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Бұл туралы «әл-Жазира» хабарлады. Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израильдің шектеулері мен қатаң ескертпесіне қарамастан, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойыша ұйым өкілдері тегін қызмет көрсетуді жалғастырады.