Конгода көтерілісшілер Киншасаны шабуылдауға дайындалып жатыр
Конго демократиялық республикасында «Эм 23» қарулы тобы ел астанасы – Киншасаны басып алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін көтерілісшілер елдегі ең ірі шаһар – Гоманы бақылауына алған еді. Бұл – смартфондар мен электрмобильдер өндірісіне қажетті кобальтқа бай өңір. Сондықтан оны бақылауына алғысы келетін қарулы топтар көп. Солардың бірі – «Эм 23». Жергілікті билік оларға көрші Руанда тарапы көмектесіп жатыр дейді. БҰҰ дерегі бойынша оның құрамында 4 мыңдай руандалық сарбаз бар. Гоманы басып алғаннан кейін 2 млн тұрғыны бар қаладан 400 мыңдай адам қашып шыққан. Ақпарат құралдарыдың хабарлауынша, шаһарда атыс әлі жалғасып жатыр.