Израиль 110 палестиналық тұтқынды босатты
Олар автобуспен Рамалла қаласына жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Іс-шара Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімге сай жүзеге асырылып отыр. Бұл азаматтар – ұзақ мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар. Бұған дейін еврей елінің билігі оларды босатуды соңғы сәтте тоқтатып тастаған еді. Өйткені ХАМАС мүшелері израильдік тұтқындарды еркіндікке жіберу кезінде ашуға булыққан тұрғындардың алдына алып шыққан. Израиль жағы мұны қорлауға теңеп, наразылығын білдірді. Жалпы тараптар Газа секторындағы бейбіт бітімге сәйкес 19 қаңтардан бері тұтқындармен алмасып жатыр. Жоспар бойынша ХАМАС ертең тағы 3 израильдік тұтқынды босату керек.