АҚШ Сириядан әскерін шығаруы мүмкін
Америкалықтар Сириядағы мәселелерге араласып, бас қатырмау керек.
Сондықтан АҚШ әскері Араб республикасының аумағынан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй әкімшілігі жақын арада осыған қатысты шешім қабылдамақ. Дерекке сүйенсек, қазір Сирияда 2 мыңдай америкалық жауынгер бар.