Бейжіңде Қытай жаңа жылына орай «Чунвань» концерті өтті

Бейжіңде Қытай жаңа жылына орайластырылған гала-концерт өтті. Оған түрлі жастағы 150-ге жуық опера әншісі қатысқан.

«Чунвань» концерті 1983 жылдан бері өткізіледі. Бұл ең танымал телешоудың бірі. Гала-концерт әлеуметтік желілерде миллиардтан аса қаралым жинайды.