Германияда 3 млн адам жұмыссыз жүр
Германияда жұмыссыз жүргендер көп. Олардың саны кейінгі 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Былтыр 4-ші тоқсанда неміс елінің жалпы ішкі өнімі сарапшылар күткеннен де төмен болып шықты. Биылға болжамдар да мәз емес.
Мамандар: «Бұл Дональд Трамптың презиенттік қызметіне кірісуімен байланысты», – дейді. Өйткені Ақ үй басшысы Еуропадан келген тауарларға баж салығын енгізуі мүмкін деген күдік бар. Мұның бәрі еңбек нарығына да әсер етіп отыр. Содан қаңтарда жұмыссыздар қатарына тағы 11 мың адам қосылып, жалпы саны 3 миллионға жуықтап қалған. Сарапшылар олардың саны әлі де артатынын ескертеді. Өйткені жергілікті өнеркәсіп орындарының көбі қызметкерлер санын қысқарту ойы барын айтады.