Канада АҚШ тауарларына қарымта тариф енгізеді

Канада АҚШ-тан импортталарын тауарларға қарымта тариф енгізеді.

Бұл туралы премьер-министр Джастин Трюдо мәлімдеген. Жалпы сомасы 155 миллиард Канада долларын құрайтын АҚШ тауарларынан 25 пайыздық алым алынады. Ертең бастапқы 30 миллиард Канада долларының, ал қалған соманың тарифтері 21 күннен кейін күшіне енеді. Сондай-ақ ресми Оттава АҚШ тариф енгізген Мексика билігімен де бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа қызметіне кіріскен бетте Канада, Мексика мен Қытай тауарларына қарсы қосымша алым-салық салды. Ақ үй басшысы бұл шаралар Құрама Штаттарға заңсыз мигранттар мен есірткі заттарының келуіне қарсы бағытталған дейді.