Еуроодақта жаңартылатын энергияның үлесі артып келеді

Еуроодақта күн энергиясы көмірдікінен асып кетті, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр қуаттың 11%-і күн панельдерінің көмегімен өндірілген. Ал көмірден тек 10%-і ғана алынған.

Кәрі құрлықтағы елдердің көбі бұл отыннан бас тартып жатыр. Газдың үлесі де азайып келеді. Сөйтіп, электр энергиясының шамамен жартысы жаңартылатын энергия көздері есебінен өндірілген. Осылайша, Еуроодақ қазбалы отын импортын азайту арқылы кейінгі 5 жылда 59 млрд доллар үнемдеген. «Жасыл энергияны» дамыту бағытында Венгрия көш бастап тұр. Мұнда қуаттың төрттен бірі күннен алынады. Үздік үштікте Грекия мен Испания бар.