Испанияда жұмыс аптасы қысқарып, жалақы көлемі сақталады
Испанияда жұмыс аптасы 2 жарым сағатқа қысқарады.
Жалақы көлемі сақталады. Сөйтіп жұмыс уақытының ұзақтығы 37 жарым сағат болады. Бұл бөлшек сауда, қонақ үй бизнесі мен ауыл шаруашылық саласындағы 12 миллион қызметкерге әсер етеді. Тиісті шара нақты күшіне енбесе де, қазірдің өзінде елде жаңа кестеге көшкен компаниялар бар. Жергілікті билік шара елдің экономикалық дамуына және жұмысшылардың белсенділігін арттыратынына сенімді. Заң жобасын енді парламент қарауы керек.