Индонезияның Суматра аралында орман өрті өршіп тұр. 50 мың гектар алқап күлге айналған. Әсіресе Риау провинциясында жағдай қиын. Бұл аймақта 140 өрт ошағы тіркелді.
«Вифа» тайфуны Филиппинге соқты. Елдің оңтүстік-батысында өзендер тасып, арты тасқынға ұласты. Табиғи апат салдарынан 5 адам опат болды, 800 мыңдай адам зардап шекті.
Иран Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық бағдарлама бойынша келіссөз өткізеді. Кездесу 25 шілдеде Ыстамбұлда өтеді. Оған әр елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысады.
Оңтүстік Кореяда жауын-шашын бір айдан бері толастар емес. Елдің батыс және солтүстік-батыс өңірін су басты. Тасқын салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 12 адам із-түссіз…
Ресейдің Камчатка түбегінде 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Тынық мұхитының акваториясында орналасқан. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.