Түркияда алапат орман өртінен 13 адам қаза тапты. Олардың 10-ы құтқарушылар мен орман қызметінің мамандары. Ресми деректерге сәйкес ел аумағында 76 өрт ошағы тіркелді.
АҚШ Польшаға 4 млрд АҚШ доллары көлемінде несие кепілдігін бекітті. Ресми Варшаваның мәлімдеуінше, қаражат мемлекеттің әскери әлеуетін күшейтуге жұмсалады. Әсіресе, әуе және зымырандық қорғаныс жүйесін…
Таиланд пен Камбоджа шекарадағы атысты уақытша доғарды. Бұған аймақтағы нөсер жауын себеп болды. Жауын-шашынға қарамастан, қос елдің әскери күштері шептерін тастамай отыр.
АҚШ-тағы Демократиялық партияның рейтингі кейінгі 35 жылда болмаған деңгейге төмендеді. Оны The Wall Street Journal басылымы сауалнама жүргізу барысында анықтаған.
Камбоджа мен Таиланд арасындағы жағдайдың ушығуынан Таиланд туризмі құлдырауы мүмкін. Шетелдік ақпарат құралдары осылай деп жазады. Қазір Таиландтың Трат және Чантабури провинцияларында қақтығыс жалғасып жатыр.