Әуені әуенмен әрлеген «Азия дауысы» фестивалі қайта оралды
Көптен күткен халықаралық «Азия дауысы» фестивалі қайта оралды.
19 жылдық үзілістен кейін «Медеу» мұз айдынындағы өнер шарасы дәстүрлі форматтан өзгеше ұйымдастырылған. Үш күндік фестивальдің басты демеушісі Halyk банкі. Еліміздегі ең ірі қаржы институтына биыл 100 жыл. Азия дауысының алғашқы күні отандық өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар шақырылған.
Медеу мұз айдыны үш күн әнмен әрленеді. Қайта жаңғырған Азия дауысы бұрыңғыдан да ауқымды. Ұмыт болған фестивальдің бірінші күнінде Moldanazar, RaiM, Ерке Есмахан, Мирас Жүгінісов, Мархаба Саби отандық өнер жұлдыздары сахнаға шықты. Астанадан арнайы келген мәдениет және спорт министрі де қатысты.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Бұның жалғасы болады деген ниетіміз бар. Сол үшін біз демеушілермен сөйлесеміз. Келесі жылы болса халықаралық деңгейде өтеді деген ешқандай күмәніміз жоқ. Өйткені, өзіміздің түркі тілдес мемлекеттердің, көрші мемлекеттердің әртістері, дарынды балалары, жұлдыздары келіп, осы сахнада өнер көрсетсек деген ниет білдіріп келе жатыр.
Ұмыт болған фестивальдің басты демеушісі Halyk банкіне биыл 100 жыл. Нақтырақ айтсақ, қаржы институтының тарихы 1923 жылы Ақтөбедегі алғашқы жинақ кассасынан басталады. Осыған орай Halyk жыл соңына дейін мәдени, әлеуметтік мақсаттағы 100 игі іс жасамақ.
Үміт Шаяхметова, HALYK Басқарма төрайымы:
- Азия дауысы –еліміздің дәстүрін көрсететін фестиваль. Бұл жас таланттарды танымал етіп, сүйікті әртістерді тыңдармен қауыштырады. Сонымен қатар, фестиваль Орталық Азиядағы ең үлкен шара болады, деп ойлаймын. Біз осы фестивальдің қайта оралуын қолдау арқылы мәдениетке үлес қосамыз. Біз бұдан бөлек Ақтауда және Семейде үлкен фестиваль өткіземіз.
Азия дауысының екінші, үшінші күндері әлемге танымал әншілермен әрлене түседі. Бүгін америкалық The Black Eyed Peas тобы сахнаға шықса, ертең швециялық Secret Service фестивальді қорытындылайды.
Аршын Кемелжан, Сұлтан Бейсекенов