Ілияс Жансүгіровтың «Өтірік» атты жыр жинағы табылды

Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтың «Өтірік» атты жыр жинағы табылды.

Төте жазумен жазылған бұл кітап 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген. Онда негізінен Ілияс ақынның шымшыма өлеңдері топтастырылған. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын шыққан кітаптың түпнұсқасын Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлы өзінің жеке кітапханасында сақтап келген. Құнды еңбекті ол жақында Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров әдеби музейіне тапсырды. 5-6 жыл бұрын музей меңгерушісі Мәскеудегі НКВД архивінен ақынның жеке паспортын алып келген еді. Болашақта Ілияс Жансүгіровты тергеу хаттамасының түпнұсқасын алғызуды жоспарлап отыр.

Нұргүл Жауынбаева, Ілияс Жансүгіров атындағы музейдің меңгерушісі:

- Бұл кітап төте жазумен жазылған. Ілияс Жансүгіровтың ел әдебиетінен жинаған жинақ. Бұл кітапты осы Алматы қаласының тұрғыны, продюсер, сценарист, режиссер Ербол Боранша деген азаматтың жеке кітапханасында неше жылдар бойы сақталған екен. Соны естіп, біз жақында кітаптың түпнұсқасын музей қорына алдық, сыйға берді бізге. Бұл кітапты болашақта аударып, кириллицаға шығарамыз деген ойдамыз.