ЮНЕСКО аясында әлем мұраларын сақтау мәселесі талқыланды

Әлемдік мұрағаттар, мұражайлар мен кітапханалардың мазмұны цифрлық форматқа ауысады, яғни, қолжетімді болады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл елдер арасындағы қарым-қатынасқа, сондай-ақ олардың әрқайсысының тұрақты дамуына ықпал етеді. Бұл туралы Парижде ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Әлемдік тарихшылар, мұрағатшылар, саясаткерлердің қатысуымен өткен іс-шараға Қазақстан делегациясы да қатысты. Өйткені еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша өңірлік алаңға айналды. Қазір елде 200-ден астам мұрағат бар, онда 23 млн-нан астам құжат сақталған. Оның ең ірісі – Президент архиві. Қазір бұл орын жаңа технологиялар мен тың әдістерді енгізу платформасына айналды. Бұл тәжірибе туралы халықаралық конференцияда директор Әлия Мұстафина айтып берді.

Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:

- Бұндай іс-шаралар құжаттану мұраларын сақтау бойынша тәжірибе алмасу және архив ісін дамыту үшін өте маңызды рөл атқарады. Біздің жобаларымыз да бар. Мысалы, жаңа технологияларды дамыту, жас ұрпақтармен, балалармен студенттермен, жастармен қалай жұмыс жалғастыру, оларды қалай өз тарихыңды білу, өз тарихыңды зерттеуге шақыруға осындай жобалар туралы атап өтемін.

Тауфик Джеласси, ЮНЕСКО бас директорының орынбасары:

- Бұл салада Қазақстанмен серіктестігіміз өте жақсы. Біз Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы елшісімен, Астанадан келген делегациялармен бірнеше рет кездестік. Екі жақтың да ынтымақтастықты нығайтуға деген ниеті бір. Мақсаты ортақ. Сондай-ақ тарихи мұраларды сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолында, цифрландыру бойынша бірлескен жобаларымыз бар.