Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі жөндеуден кейін ашылды
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі жөндеуден кейін қайта ашылды.
1976 жылы салынған сәулеттік нысанды жөндеу жұмысы бірнеше бағытта жүріп, алты айда аяқталды. Музейдің шатыры мен ішкі бөлмелері толық жаңартылып, едені ауыстырылды. Инженерлік желі, оның ішінде климатты бақылау жүйесі қайта орнатылды. Залдар жаңа түске боялды. Мамандардың айтуынша, мұндай шешім экспонатты жаңаша қырынан қабылдауға мүмкіндік береді. Былтыр Өнер музейі 90 жылдығын атап өтті. Қазір бұл жерде кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерге жататын 26 мыңнан астам туынды бар. Көпшілікті қазақ өнерінің алтын қорына енген түпнұсқа шығармалар қызықтырады.
Гүлайым Мұсабекова, Ә. Қастеев атындағы ұлттық өнер музейінің директоры:
- 72 кіші пирамида өңделіп қайтадан ауыстырылды. Сонымен қатар гидроизоляция ТПО мембранасы орнатылды. Жаңбырдан кейінгі жиналдып қалған суды кәрізге ағызатын арнайы қондырғы орнатылды. Есіктердің барлығы реставрация жасалып, өңдеуден өтікізді. Осы жөндеу жұмысының басты бөлігі ол климаттық жүйені бақылайтын арнайы заманауи шу шығармайтын чиллер орнатылды.