Алматыда «Күтпеген кездесу» пьесасы сахналанды
Алматыда жаңадан құрылған продюсерлік орталық өнерсүйер қауымға Надежда Птушкинаның «Күтпеген кездесу» пьесасын ұсынды.
Спектакльдің режиссері – Ержан Қауланов, продюсері – әзіл-сықақшы, актер Мағауия Қозбағаров. Комедия тұрмысқа шықпай өмірін анасына арнаған Таня есімді әйел жайында. Анасы болса қызының болашағына алаңдайды. Көзі тірісінде тұрмысқа шыққанын көргісі келеді. Бір-бірінің көңілін табамыз деп жүріп, екеуі күлкілі оқиғаларға тап болады. Қойылымда ана мен бала арасындағы махаббат, жақындарына деген қамқорлық сияқты маңызды мәселелер қамтылған.
Олжас Сақ, актер:
- Актерлар Шанин театрының актер мен актрисалары. Ең үлкенмізі апаның ролінде Ұлжалғас Сапаралиева және белгілі актер Руслан Нұрман және Жәудір Жақыпбекова және төртінші мен Олжас. Өкінішке қарай, қоғамда қазір 40 тан асып кеткен қыздар көп тұрмысқа шықпаған. Бұл жерде сол мәселе көтеріледі. Таза махаббат. Қазір біреуді алдап арбайды, ақшасына қарайды. Бұл жерде таза махаббат. Таза бала махаббат. Сеніп қалу және сенімнің арғы жағы шын махаббатқа ұластыру.