Қостанайда халықаралық би фестивалі өтіп жатыр
«Наурыз достарын шақырады». Осындай атаумен Қостанайда VIІ халықаралық би фестивалі өтіп жатыр.
Дәстүрлі үрдіске айналған думанды іс-шараға биыл Ресей, Беларусь, Қазақстан елдерінің өнер ұжымдары қатысуда.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Алты жылдық тарихында дәстүрлі би мерекесіне 12 мемлекеттен 91 хореографиялық ұжым қатысып, Қостанай сахнасында мыңнан астам биші өнер көрсеткен. Осыдан-ақ оның маңызды халықаралық жобалардың біріне айналғандығын байқауға болады. Бұл фестиваль әлем халықтарының би мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру арқылы, ынтымақтастықты дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етіп келеді.
Екі күнге жалғасқан халықаралық би фестивалі бүгін аяқталады. Қатысушылардың барлығына диплом мен арнайы сыйлықтар беріледі.