Астанада «Nomad Style Show» ұлттық киімдер фестивалі өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен ұлттық киімдер фестивалі өтті.
Мерекелік шарада қазақ, беларусь, поляк, орыс, татар, түрікмен, өзбек және басқа да халықтардың ұлттық киімдері көрсетілді. Жиналғандар Қазақстан халықтарының әндерін бірге шырқап, сан қырлы өнерін тамашалады. Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында бүгін ел бойынша ұлттық киім күні аталып өтіп жатыр. «Бұл мереке елдің бірлігі мен мәдени әр алуандығын танытуға мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар. Президент бастамасымен бекітілген «Наурызнама» бағдарламасының мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттап, халық бірлігін нығайту.
Күләш Бектемірқызы, «Шаңырақ» әжелер ансамблінің жетекшісі:
- Қазақ киімі қандай керемет, қандай оюлары бар. Әшекейленген. Апалардың кимешегі, қамзолдары бар. Кішкентай бүлдіршіндердің, балалардың да қамзолы, көйлектері бар. Ұлттық киімді қанша да киген керемет!
Ришат Биктаһир, «Дуслык» татар мәдени орталығының мүшесі:
- Бүгін Қазақстанда ұлттық киімдер фестивалі өтіп жатыр. Осындай мереке өтетіні туралы біле сала орталығымыздың атынан келдік. Бұл жерде өздерінің ұлттық киімдерін киген көптеген адамды көріп, қуанып жатырмыз.
Налини Сингхал, ҚР Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы:
- Наурызға арналған үлкен іс-шараға алғаш рет қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Тағы бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Ертең Үндістанда үнді халқының жаңа жылы тойланады. Қазақтың жаңа жылымен тұспа-тұс келгені сирек кездесетін оқиға.