Астанада «Ломоносов – 2026» конференциясы басталды
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына - 25 жыл толды.
Мерейтойға орай Астанада «Ломоносов – 2026» халықаралық конференциясы басталды. Оған Ресей, Беларусь, Армения және Түрікменстаннан 53 жоғары оқу орнының өкілдері қатысып жатыр. Конференция ауқымы кеңейіп келеді. Оған 21 жылда 17 елден 120 университет студенті атсалысты, ал жас зерттеушілердің жалпы саны 8 мыңға жетті. Қатысушылар жасанды интеллекттен бастап экономика, экология, тарих және лингвистика бойынша 300-ден астам баяндама ұсынды.
Алтайы Оразбаева, Тарих ғылымдарының докторы:
- Жалпы бұл конферениция 2005 жылдан бастау алады. Оған алыс-жақын шет елдерден студенттер, магистранттар белсене араласады. Жасанды интеллект, математикалық моделдеу, экономика және гуманитарлық пәндер саласындағы өзекті болып табылатын бүгінгі ғылыми зерттеулер мен жас ғалымдардың жаңалықтарымен бөлісетін боламыз.