Жырау Алмасбек Алматовтың шығармалар жинағы таныстырылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жырау, профессор Алмасбек Алматовтың алты томдық шығармалар жинағы таныстырылды.
Жаңа басылымға жыраудың көп жылдық шығармашылық ізденісінен туған "Шыңғыснама" тарихи дастандық циклі, "Қазына" поэмасы мен ғылыми зерттеулері басылды. Жинаққа автордың өмір жолы мен жыраулық мектептің дамуына арналған мақалалары да енген. Автордың ғылыми зерттеулері мен "Өмір өнегесімен қымбат" атты әңгімелер жинағы, жыршылық өнердің ішкі иірімдерін тереңнен ашып көрсетеді. Даланың дүбірі мен бабалар үнін арқалаған алты томдық, елдің барлық кітапханаларына жол тартады.
Алмасбек Алматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жырау:
- Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлік сипаттарға ие болады. Сондықтан да біз де осы жыраулық дастанды бала жасымыздан мұра тұтындық. 6 томдық таңдамалы шығармаға түгелдей дерлік өзімнің шығармаларым, өзімнің жазған шығармаларым еніп отыр. 6 томдық жинақ бұл біздің 70 жылдық еңбегіміздің негіздемесінің бір кезеңі.