Бүгін – Халықаралық музей күні
Өскемендегі «Өлкетану» мұражайы бұл күнге ерекше әзірленді. Олар қала тұрғындарына арнап «Музейдегі түн» жобасын ұйымдастырды.
Тарих қатпарындағы талай деректер жинақталған мекеме түнде келген қонақтарға қандай қызық көрсетеді?
Эльмира Ахметова, тілші:
- Иә, әдетте осы уақытта есігі жабылып,қызметін тоқтатын музейде бүгін қарбалас. Музей күні меркесіне орай түнгі бағдарлама ұйымдастырылып жатыр. Мен қазір «Өлкетану» мұражайында тұрмын
Бүгін бұл жерге келген адам түрлі тақырыптық танымдық ақпарат ала алады. Өйткені мұражайда бір емес, бірнеше зал жұмыс істеп тұр. Әрі ол жерлерде түрлі шаралар өтіп жатыр. Әсіресе «Ұлы адала алтыны» атты мына жерде біздің өлкемізден археологиялық қазба кездерінде табылған заттар көрмесі қойылған. Мәселен, Шілікті, Елеке сазы қорымдарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылған. Экспонаттардың түпнұсқасы да, көшірмесі де табылады. Олардың арасында қару түрлері де, жануар мүсіндері де бар, тұрмыстық заттар да бар, тартхпен үндесіп жатыр. Әсіресе міне, Тақта отырған Қағанның бейнесі. Бұл бейне Елеке сазынан табылған белдіктің бір бөлігінен табылған екен. Міне, тура осы бейнеге қарап, Қаған бейнесінің жаңғыртпасы жасалыпты. «Мұндай көріністі әлемде кездесуі кемде кем», - дейді музей мамандары. Бұл жерде – ат әбзелдері. Шіліктіден табылған «Алтын адамның» көшірмесі де тұр. Мінеки, біздің дәуірімізге дейінгі 8-7 ғасырдың куәсі.
Ерлік Төлеген, тарихи «Өлкетану» музейнің қызметкері:
- Бұл жерде келгендер назарына ескі жазу әліпбиі үлгісі ұсынылады. Орхон Енисей әліпбимен қалай жазуға болады? Соны көре алады. Орхон Енисей – б.д.д. 7 ғасырда қолданылған көне жазу түрі. Руна жазу деп те аталады. 38-40 әріптен тұрады.
Осы жерде міне, балалар өз есімдерін осы түркінің көне әліпбимен жазып көріп жатыр. Қауырсын қалам да бар екен. Мен жазып көрсем «Е» бізде «Ө» болып жазылады екен, «Л» «Л»-ға ұқсайды, бірақ 1 сияқты азылады «М» «М» болып, «И» «Х» болып, «Р» үшбұрыш боп келеді және «А» «А» сияқты, тек ортасында сызық жоқ. Мінеки, ата-бабаларымыз ежелде осылай хат-хабар алмасқан. Фотозоналар, айналар туралы деректер, жалпы кешкі тоғызға дейін музейге кірген адам қызықты тарихи мәліметтерге куә болады.