Елордадағы инклюзивті театрда жаңа премьера өтті
Астанада әйгілі бельгиялық жазушы, драматург Морис Метерлинктің "Соқырлар" трагедиясының премьерасы өтті.
Елорда жұртшылығына оны "Қанаттылар" инклюзивті театрының ұжымы тарту етті. Символизм бағытында жазылған классикалық шығарманы сахна тіліне лайықтаған режиссер Нұрсұлтан Қалкенов. Спектальде адамзаттың жалғыздығы, ақиқатты іздеуі мен тағдыр алдындағы қорқынышы баяндалады. Пәлсапалық мәні терең қойылымға бас-аяғы 16 артист қатысты. Олардың қатарында құлақ мүкістігі мен көзі нашар көретін жандар бар. Осылайша, өнерде шекара жоқ деген тәмсілді, театрдың қыз-жігіттері тағы бір мәрте дәлелдеді.
Нұрсұлтан Қалкенов, қойылым режиссері:
- Бұл жердегі басты ой: Шәкәрім атамыздың жақсы бір сөзі бар ғой: қайдан келдім, нетсем пайдам, қайда барам. Осы сұрақты өзіне қоймайтын адамдардың кейпін көресіздер. Оқиға орманда өтетін болғандықтан біз әртістерті орманға апардық. Аптасына екі күн. Сахна тілімен жұмыс жасадық. Себебі бізде слабослыщащий актерлер бар.
Арнұр Ысқақов, «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі:
- Бұл қойылым біздің актерларға жаңа қадам.Қолдау. Биылдан бастап "Шабыт" университеті Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен 20 шақты грант бөліп жатыр. Соған оқуға түсіп, біз бұл кісілерді шыңдап, оқытып 4 жылдан кейін біз өзіміздің кәсіби актерлерімізді шығарамыз деген ойдамын.