Алматыда «Папасының қызы» отандық комедиясының премьерасы өтті

Алматыдағы Alatau Plaza сауда орталығында жаңа Kinoplexx 12 кинотеатры ашылды.

нді қала орталығынан шалғай аудандардың тұрғындары прокаттағы барлық жаңа фильмді үйлеріне жақын жерден тамашалай алады. Кинотеатрдың ашылуына орай ((Tiger Films)) Тайгер Филмс продюсерлік компаниясы түсірген «Папасының қызы» атты отандық комедияның премьерасы өтті.

Әйелі қайтыс болған 40 жастағы Дәулет буллингтің құрбанына айналған жасөспірім қызының өмірге деген қызығушылығын ояту үшін тәуекелге бел буады. Ол бастығының автоүйін рұқсатсыз айдап кетеді. Қызы екеуі төрт дөңгелекті үймен еліміздің көрікті жерлерін аралау үшін саяхатқа шығады. Ал көліктің иесі ашуға булығып, полицияға шағымданады.

Дәурен Серғазин, актёр:

- Әкенің беретін тәрбиесі маххабаты өнегесі ешқандай мектеп, қоғам бере алмайды. Осы үндеуді тастағымыз келді. Және де еліміздің әдемі табиғатын, тұмса табиғатын, әралуандығы мен басқа ракурстан, басқа көзқараспен көрерменге паш еткіміз келді. 

Сезім Серікбай, фильмге қатысушы:

- Аяланың эмоциясын көрсетуге, қуанып жатқан, жылап жатқан эмоциялары қиын болды. Ал съемканың барысында дала суық болды, біз тоңып жүрдік. Бірақ съемка өте күшті өтті. 

Alatau Plaza Kinoplexx 12 - кинотеатрлардың ең үлкені. Заманауи үлгіде жасақталған. Жайлылығы мен сапасы жағынан ол қала орталығындағы кинотеатрлардан кем түспейді. 

Әбдірашит Рахметов, KINOPLEXХ кинотеатрлар желісінің бас директоры:

- Бұл кинотеатрдың артықшылығы бар. Бұл 12 залды. Мұнда кино көп. Орталықтағы кинотеатрларға қарағанда сапасы да жоғары. Мұнда өте ыңғайлы барлық залда комфорт кластағы орындықтар. Испанияның Eurosit деген компанияның орындықтарымен жабдықталған.

«Папасының қызы» отбасылық комедиясы бүгіннен бастап Kinoplexx желісінің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов